RU

Қытай КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын жібереді

Қазақстандағы Қытай дипломатия өкілдігінің басшысы Чжан Сяо ҚХР коронавируспен күресуге көмектесетін тағы бір дәрігерлер тобын Қазақстанға жіберетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қытай елшісінің Facebook-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қытай КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын жібереді
Көрнекі фото: pexels.com: UGC

Сяо Қытайдың Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратынын жазды. Көмек аясында медициналық қызметкерлердің екінші тобы біздің елімізге қазақстандықтарға коронавирус індетін жеңуге көмектесу үшін жіберіледі.

"Пандемия келеді де кетеді, ал біздің достығымыз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік құндылық болып қала береді", – деп дипломатиялық өкілдіктің басшысы елдер өзара әрекеттестікті одан әрі нығайта беретінін де қоса кетті.

Чжан Сяо Қытай осы жылдың сәуір айында Қазақстанға алғашқы дәрігерлер тобын жібергенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының сарапшылары да біздің қазақстандық әріптестерімізге КВИ-мен күресуде көмек көрсету үшін елге келген болатын.

Делегация құрамына Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев те қосылды. Ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан шараларға өз бағасын берді, сонымен қатар қазақстандық дәрігерлердің жұмысы туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865252-kytaj-kvi-men-kresu-sin-kazakstanga-drigerlerdi-ekinsi-tobyn-ziberedi.html