Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәсімов Қазақстанға төнген қауіп-қатерлер туралы ашық айтты

Опубликовано:

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға тыңшылық жасап, елдегі саяси жағдайды бұзуға тырысқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК басшысы шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстандағы тыңшылық әрекеттері туралы мәлімдеді
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Кәрім Мәсімов "Казахстанская правда" газетіндегі "Ұлттық мүдделерді қорғау" мақаласында айтқан.

Онда ол Қазақстанның географиялық орналасуы, сондай-ақ оның ресурстары мен аумағының үлкен қоры әлемнің алпауыттарының қызығушылығын оятқанын жасырмады.

Сондықтан, шетелдік арнайы қызметтер ел ішіндегі жағдайға қызығушылық танытып отыр екен.

Мәсімовтің сөзінше, мұндай арнайы қызметтердің жұмысы көбінесе ел өмірінің әртүрлі салаларынан, атап айтқанда саясаттан, экономика мен қорғаныс саласынан құпия мәліметтерді жинау болып табылады.

Сонымен қатар, шетелдік барлау қызметтері маңызды саяси шешімдерге өз мемлекеттерінің пайдасына ықпал ете алатын агенттер платформасын жасақтайды.

"Бұл фактілер Қазақстанның қарсы барлау режимін үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр етеді", – деп атап өтті ҰҚК төрағасы.

Мәсімовтың айтуынша, ҰҚК қызметкерлерінің кәсібилігі, қазақстандықтардың патриотизмі, сонымен бірге белгілі құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын қалыптастыру маңызды рөл атқарады.

Сонымен бірге, шетелдік арнайы қызметтер елдегі саяси ахуалды бұзуға тырысқан жағдайлар да болған. Ол үшін қызметтер әлеуметтік желілерді қолданып, жалған әлеуметтік қозғалыстар құрған.

Оның сөзіне қарағанда, бұл арнайы қызметтер қазіргі биліктің қаншалық берік екенін білуге ​​тырысады, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік институттардан "әлсіз жерлерін" табуға тырысады.

ҰҚК басшысының айтуынша, Қазақстанға қарсы бірқатар барлау операциялары жүргізілген, олардың негізгі мақсаты саяси тұрақтылықты, экономикалық әл-ауқатқа, сондай-ақ елдің қорғаныс әлеуетіне нұқсан келтіру болыпты.

Сондай-ақ, ол кейбір жекелеген шетелдік арнайы қызметтер мен соған байланысты ұйымдар құпия мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға кіріп, құпия түрде "белсенді тыңшылықпен" айналысқан деп қосты.

Алайда, Мәсімовтың айтуынша, бұл туралы толығырақ айтудың уақыты әлі келген жоқ.

Оның айтуынша, Қазақстанның қарсы барлау қызметі заңсыз мигранттар мен олардың "арналарын" белсенді түрде бақылап отырады, теория бойынша, бұл "арналардың" көмегімен террористер, экстремистер және басқа тыйым салынған ұйымдардың өкілдері елге кіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде ҰҚК өзінің 28 жылдығын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865259-msimov-kazakstanga-tngen-kauip-katerler-turaly-asyk-ajtty/

pixel