RU

Пандемия кезінде отандастарымызды елге жеткізген қазақ ұшқышы өмірден өтті

36 жылдан астам уақыт бойы әуе кемесін басқарып, Air Astana компаниясында ұшқыш болып қызмет атқарған Қанат Сиденғалиев дүние салды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Азаматтық авиация комитетінің Телеграмм-арнасына сілтеме жаспа.

Көрнекі фото: Pxhere.com
Көрнекі фото: Pxhere.com: UGC

"Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Қанат Мүтәліпұлы Сиденғалиевтің өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қанат Мүтәліпұлы өз ісінің нағыз маманы еді. 36 жылдан астам уақыт авиация саласында қызмет етіп, түрлі әуе кемелерінің ұшқышы болған", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Sputnik Қазақстан агенттігі ұшқыштың пневмониядан көз жұмғанын жария етті.

Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, Қанат Сиденғалиев 2004 жылдың мамырынан бері әуе кемесінің командирі ретінде Фоккер-50 және Airbus320 ұшақтарын басқарған.

"Қанат пандемия жағдайында отандастарымызды елге алып келу бойынша репатриациялық рейстер бағдарламасына қатысты. Өмірінің соңғы сәтіне дейін кәсіподақ жұмысына және әріптестерінің моральдық жай-күйіне алаңдаушылық танытты", - деп еске алады әріптестері.

Еске сала кетсек, кеше гуманитарлық жүктерді жеткізу бойынша рейстерді орындауға белсенді атсалысқан қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаевтың да пневмониядан көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865272-pandemia-kezinde-otandastarymyzdy-elge-zetkizgen-kazak-skysy-mirden-tti.html