RU

Алматылықтарға бетперде тақпағаны үшін қанша айыппұл салынуы мүмкін

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін онлайн-брифинг барысында медициналық бетперде тақпаған азаматтарға қарастырылған айыппұлдар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтарға бетперде тақпағаны үшін қанша айыппұл салынуы мүмкін
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

"Біз халыққа бетперде тағу, қол жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын әрі инфекция жұқтыру қаупі бар орындарға бармау туралы үнемі ескертеміз. Маска тағу туралы айтсақ, көбісі бетперде тағудан бас тартып жатады, біз оны көшеде де тағуды талап етеміз.

Егер сіз басқа адамдар тұрған жерлерге жақындасаңыз, онда бақылау тобы сізді жауапқа тартады. Айыппұл мөлшері 83 мың теңгені құрайды, бірақ бір апта ішінде төлесеңіз, 41 мың теңгеден сәл артық төлейсіз. Бұған дейін ТЖ теледидардан күніне бес рет маска тағу туралы ескертеді. Егер қызметкерлер ережені бұзса, онда мекеме басшылары жазаланады", – деді Бекшин.

Оның айтуынша, маска режимін жиі бұзатындар – жастар.

"Балалар бетперде киеді, аға буын өте тәртіпті. Көбіне бетпердені жастар таға қоймайды. Жаңа санитарлық ережелерде маска режимі туралы ереже жазылған. Біз заң бұзушылықтар үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігін қолданамыз. Кейбіреулер мұны шектен шығу десе, басқалары шара қолданнылмай жатқанын айтады", – деді дәрігер.

Қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, келесі орындар мен адамдарға міндетті түрде бетперде тағу қарастырылған:

1) жабық бөлмелерде;

2) көлікте;

3) КВИ жұқтырған науқасқа көмек көрсетіп жатқан сау адамдарға;

4) коронавирус белгілері пайда болған азаматтарға.

Әйтпесе, қанжығаңыз 83 мың теңге көлемінде айыппұлмен майланады. Жауапқа ТКҚСҚБК қызметкерлері тартады, тәртіп сақшылары істерді санитар дәрігерлерге тапсырады, деп жазады басылым.

Еске салсақ, Қазақстандағы Қытай дипломатия өкілдігінің басшысы Чжан Сяо ҚХР коронавируспен күресуге көмектесетін тағы бір дәрігерлер тобын Қазақстанға жіберетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865277-almatylyktarga-betperde-takpagany-sin-kansa-ajyppl-salynuy-mmkin.html