RU

Алматыдағы супермаркетте өрт шықты (фото, видео)

Оңтүстік астананың Наурызбай ауданындағы әкімшілік ғимаратта өрт шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

оооооооооо
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

ТЖК баспасөз қызметі оқиға орнында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы жұмыс істегінін атап өтті. Өрт қаланың Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесі, 13А ғимаратынан шыққан. Шатыр жанды, деп атап өтті ведомстводағылар.

оооооооооо
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Қазіргі таңда өрт сөндірушілер тілсіз жаудың ғимараттың жанындағы жекеменшік үйлерге ойысу қаупін жойған.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған ғимаратта адамдардың бар-жоғын барлау жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар 3 газ баллондары қауіпсіз жерге шығарған. Баспасөз қызметі хабарлағандай, баллондардың әрқайсысының көлемі – 50 литр.

Сонымен қатар өрттің жақын орналасқан қоймалар мен қонақүйлерге ойысуы мүмкін деген қауіп болған.

Төтенше жағдайлар комитеті оқиға орнынан түсірілген видеомен бөлісті, кадрларда супермаркеттің шатыры жанып жатқаны анық көрінеді. Оған қоса, тілсіз жаумен арпалысып жатқан өрт сөндірушілерді байқауға болады.

Соңғы мәліметтер бойынша, олар қызыл жалынды 19:33-те ауыздықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, тура бір ай бұрын оңтүстік астанада "ADK" сауда-ойын-сауық орталығының жанынан өрт шыққан болатын. Кейін өрт сауда орталығының өзінде емес, кәсіпорынның артында орналасқан ғимаратта болғандығы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865280-almatydagy-supermarkette-rt-sykty-foto-video.html