Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда уәде етілген үстемақыны алмаған әскери госпиталь қызметкерлері назын айтты

Опубликовано:

Алматыда пандемия басталғалы басын бәйгеге тігіп жүрген әскери госпитальдің қызметкерлері наразылығын білдірді. Қауіпті кесел жұқтырған науқастарды емдеп жүрген мамандар президент уәде еткен қосымша төлемді әлі күнге дейін алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Кадр КТК арнасынан алынды
Кадр КТК арнасынан алынды: Depositphotos

Алматыдағы әскери клиникалық госпиталь үш айдан бері сарбаздарды емес, коронавирус жұқтырғандары емдеуге көшкен. Қаладағы инфекциялық ауруханаларға сыймаған науқастар сол жерге жіберіледі.

Қауіп өтінде жүрген госпитальдің қызметкерлері еңбегіміз еленбей, президент уәде еткен үстемақыдан қағылдық деп қапалы.

"Бізді 22-сәуірден бастап провизорлық бөлімшенің бірінші санаты деп кіргізді. Бәрімізге 850 мың теңге төлейміз деп уәде етті. Содан бері әлі алған жоқпыз. Неше рет командирге де, бастыққа да кірдік. Айтатындары: шешіліп жатыр", - дейді Алматы қаласы әскери клиникалық госпитальдің медбикесі Жазира Нұрбекова.

Қазір әскери госпитальде 114 науқас індетпен арпалысып жатыр.

Өзінің санитар екенін айтқан госпиталь қызметкері жұмыстары өте қиын екенін, әлі күнге дейін екі адамның жұмысын жалғыз өзі істеп келе жатқанын қосымша ақы төленбегенін айтады.

Айта кетейік, коронавирус анықталғандармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкердеріне үстемақы берілетіні наурыз айының соңында белгілі болған.

"Қауіптілігі аса жоғары" саналатын бірінші санаттағы ақ халаттылар айлықтан бөлек, 850 мың теңге көлемінде төлем алуы тиіс еді. Алайда Қорғаныс министрлігі әскери дәрігерлерге мұндай ақы әзірге берілмейтінін айтады.

"Үстемақы әзірге тек Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қарастырылған. Ал әскери медициналық мекеменің қызметкерлері қосымша ақы ала алмайды. Жауапты ведосмствоның бұйрығына сәйкес, біз мұндай көмектен қағылдық. Бірақ премьер-министр бұл мәселені шешіңдер деп айтты. Себебі, біз де өзгелер сияқты басымызды бәйгеге тігіп, кеселмен күресіп жатырмыз", - дейді ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы Тимур Ошақбаева.

Қорғаныс министрлігі қарамағындағы қызметкерлер үшін күресуге дайын екенін жеткізді. Тіпті олар Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдап, әскери госпитальдің дәрігерлеріне үстемақы беруді сұрапты.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада аурухана қызметкерлері уәде етілген үстемақыны алмағандарын айтып, наразылығын білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865286-almatyda-ude-etilgen-stemakyny-almagan-skeri-gospital-kyzmetkerleri-nazyn-ajtty/

pixel