RU

Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбеюінің үш себебін атады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада науқастар санының көбеюінің үш себебін атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Бекшиннің сөзінше, бүгінде Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 8 259-ға жеткен. Оның ішінде 5 480 адамда аурудың симптомы бар.

"Ауру көп жағдайда 20-29 жастағы азаматтар арасында көп тіркеліп жатыр (19,3 пайыз). Науқастардың 13,1 пайызы – 30-39 жастағылар. Ал алпыс жастан асқан адамдар науқастардың жеті пайызын құрайды", - дейді оңтүстік астананың бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жастардың инфекция жұқтыруына үш жағдай себеп болады. Ең алдымен олар әлеуметтік қашықтықты сақтамайды, маска тақпайды және топ болып жүреді.

Айта кетейік, бұған дейін Бекшин маска режимін жиі бұзатындар – жастар екенін айтқан еді.

"Балалар бетперде тағады, аға буын өте тәртіпті. Көбіне бетпердені жастар таға қоймайды. Жаңа санитарлық ережелерде маска режимі туралы ереже жазылған. Біз заң бұзушылықтар үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігін қолданамыз. Кейбіреулер мұны шектен шығу десе, басқалары шара қолданылмай жатқанын айтады", – дейді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865291-beksin-almatyda-koronavirus-zktyrgandardy-kbeuini-s-sebebin-atady.html