Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы ел президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деді ол.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1865296-tokaev-kimetke-pandemiany-statistikasyn-birizdendiru-mindetteldi/

pixel