RU

Алматы шығыс айналма жолында жүрген аттар видеоға түсіп қалды

Алматы қаласында көлік жолына шығып кеткен жылқыларды куәгерлер видеоға түсіріп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы шығыс айналма жолында жүрген аттарды видеоға түсірген
Видеодағы кадрлар: instagram.com/kris.p.online: Depositphotos

Видео Instagram желісіндегі Kris.p.online парақшасында жарияланды.

Жарияланым сипаттамасында Алматы шығыс айналма жолы, яғни Төле би көшесінің бойында жылқылардың бірнешеуі болғандығы айтылады.

Әйел адам болып жатқан жағдайға таңғала дауыстайды. Телефонның камерасына видеоға түсіріп алу үшін ол көліктен түседі.

Видеода жолға шығып кеткен он шақты жылқыны көруге болады. Көліктерге жолдағы қозғалысқа кедергі келтірген жануарларды айналып өтуге тура келеді.

Еске сала кетсек, Ақтау қаласына жақын жердегі Ақшұқыр ауылында тұрғындар еркін жүрген арыстанды видеоға түсіріп алған болатын. Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған бейнероликке қатысты пікір білдірген еді.

Кейін емін-еркін жүрген арыстан туралы тың деректер пайда болды. Жыртқыш шамамен 1-1,5 жаста, еркек. Африкалық арыстанның бір түрі. Түріне қарағанда үй арыстаны. Адамдардан қорықпайды.

Сонымен қатар, Ақтаудағы демалушылардың Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырғаны туралы бейнеролик қазақстандықтардың ашуын туғызған еді. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілі Сәкен Ділдахмет жағдайға байланысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865311-almaty-sygys-ajnalma-zolynda-zrgen-attar-videoga-tsip-kaldy.html