Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дәрігерлер өкпесі 100 пайыз зақымданған науқасты аман алып қалды

Опубликовано:

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100 пайыз зақымданған науқасты аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Getty Images/Marcelo Hernandez / Stringer
Көрнекі фото: Getty Images/Marcelo Hernandez / Stringer: Depositphotos

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде аурухананың жансақтау бөлімінде 16 науқас жатыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Дәрігерлер пациенттерге антибактериалды ем көрсетіліп, қанды сұйылтуға арналған препараттар беріледі деп отыр. Ауыр жұмыс кестесіне дағдыланып алған олар тіпті өкпесіне 100 пайыз зақым келген науқастарды да аяғынан тік тұрғызыпты.  

"Кіші медперсонал дейміз, санитаркадан бастап медбикелерді айта аламын, дәрігерлер, кез келгенінің еңбегі зор. Барлығының еңбегі бар. Бұл жерде ұжымдық жұмыс. Өте ауыр науқастар бірден жақсарып кетпейді. Ұзақ уақыт терапия болады. Ентікпе, ауа жетпеу, пульсаксиметрия деген құрал бар, қанның оттегімен қанығуын тексеретін аппарат бар. Сонымен тексереміз. Олар отызбен түседі. Негізі қалыптыда тоқсаннан жоғары жүзге дейін болу керек", – деді дәрігер-реаниматолог Арман Ибрагимов.

Медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қызмет ететін реаниматолог Айжан Айтбаева өкпесі 100 пайыз зақымданған 44 жастағы ер адамның бір аптаның ішінде реанимациядан палатаға ауыстырылғанын қуанышпен еске алды.

"Дертке шалдыққандарды аурудан айықтырып, үйіне жеткізу біздің парыз", – дейді аурухана қызметкері.

"Ол науқас бірден өкпенің жасанды вентиляциясына ауыстырылды. Түрлі ем қабылдады", – деді Орталық қалалық клиникалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айжан Айтбаева.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865316-almatyda-drigerler-kpesi-100-pajyz-zakymdangan-naukasty-aman-alyp-kaldy/

pixel