Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олай емес": Дәурен Айдарқұлов бірінші отбасымен қосылмайтынын айтты

Опубликовано:

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов бірінші отбасына оралғалы жатқанына қатысты ел арасындағы қауесеттерге жауап берді. Жақында ғана екінші келіншегі Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткен өнер иесі жеке өмірі туралы тақырыбына нүкте қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/daurenaidarkulov.
Фото: Instagram/daurenaidarkulov.: Instagram

Дәурен Айдарқұлов тарап кеткен сансыз қауесеттерден әбден шаршап, Instagram желісінде азулы жазба жариялаған. Ең алдымен, өнер иесі бірінші отбасымен қайта қосылайын деп жатқан жоқ екенін кесіп айтты.

Оған қоса, көпбалалы актер өзінің жеке өмірін соңғы кезде қызу талқылап кеткен көпшілікке ақиқатты білмей жатып, болмаған нәрсені айтпауға кеңес берді.

"Құрметті инста достар! Соңғы күндері менің жеке өмірім жайлы әр түрлі алып-қашпа әңгімелер жүріп жатқанын әлеуметтік желілерден көріп отырмын. Комментариялардың басым бөлігі бірінші отбасымен қосылғалы жатыр деген әңгімелер. Бірақ ол олай емес. Жалған ақпарат таратушыларға айтарым: анығын білмей жатып, әр нәрсені айта бергенше ауыздарыңызға маска тағып жүріңіздерші! Өтініш " , - деп жазды ол.

Айта кетерлігі, әзілкеш бұл жазбасына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов не себепті екінші жарымен ажырасып кеткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865324-olaj-emes-duren-ajdarklov-birinsi-otbasymen-kosylmajtynyn-ajtty/

pixel