Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімге күлеміз": Түсіпбаева дәріні "қолдан" қымбаттатып жатқанына шүйлікті

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева анасы ауырғанда дәрі іздеп әлек болып, келеңсіз жағдайға ұшыраған. Өнер иесі кезінде мың теңге көлемінде тұрған дәріні әрең тауып, 25 мыңға сатып алған. Әнші елімізде препараттар бағасын қолдан ұымбаттату шарықтап жатқанына шүйлігіп, көршілес Өзбекстанмен салыстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva.
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva.: Instagram

Меруерт Түсіпбаева Қазақстандағы секілді жағдай көрші мемлекетте мүлдем байқалмайтынына таңғалды. Оның айтуынша, Өзбекстанда дәрілердің бәрі бар әрі өз бағасын әлі де ұстап тұр.

"Мамам ауырғанда дәрі іздедім. Әдетте, 1100 тұратын дәріні, аса үлкен “ блатпен” 25 мыңға алып, мамамның жанын сақтап қалдық! Аллаға шүкір. Экібастұз қаласының дәрігерлері Айнур Кереевна, Меруерт Кенжебековна, медбике Жұлдызай, Зайда ханымдарға көп рахмет! Ақ халатты абзал жандар, аман- есен болыңыздаршы.

Осы орайда айтарым, әсіресе жасы келген туыстарың немесе, қанты бар, немесе тағы да, пневмонияға шалдықпай тұрғанда , денсаулықтарында мәселесі бар туыстарыңыз ауырып қалса, тезірек іздеңіздер, дәрігерлер талап еткен дәрілерді! Уақытты созбаңыздар! Секундтар шешеді.

Осы , туыстарыма дәрі іздеген кезеңде, Өзбекістанға ғылыми жұмыспен барып, карантин кезінде шыға алмай , сонда тұрып жатқан досыма хабарластым. Өзбекістанда бәрі бар, дәрі іздеп сабылып, біз сияқты ,аса қымбатқа , өз кезінде тиын тұрған дәріні алудың керек жоқ! Мықтымыз деп, өзбек көршілер бізге ремонт жасайды деп, мақтанушы едік. Содан? Ал , не болды? Кімге күлеміз? Әлде жылайық па" , - деп жанайқайын жеткізді ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865331-kimge-klemiz-tsipbaeva-drini-koldan-kymbattatyp-zatkanyna-sjlikti/

pixel