Выйти
RU

Жаңа рекорд: Мадридтік "Реал" Испания чемпионы атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реал" футбол клубы уақытынан бұрын Испания чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ұжымның әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Фото: "Реалдың" әлеуметтік желідегі парақшасы

Фото: "Реалдың" әлеуметтік желідегі парақшасы: Depositphotos

Зинедин Зидан жаттықтыратын ұжым 37-турда "Вильярреалды" 2:1 есебімен ұтты. Соның нәтижесінде чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда "Реал" ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.

Ал корольдік клубтың басты бәсекелестері "Барселона" болса "Осасунаға" есе жіберді.

  • Осылайша, соңғы турдың алдында "Реал" 86, "Барселонада" - 79 ұпай жинады.

Мадридтік команда үшін бұл 34-ші титул болып табылады және аталған нәтижесі Испанияның жаңа рекордын тіркеді.

Ұжым Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша да (13) рекордшы болып табылады. Одан бөлек, "Реал" 19 рет Испания кубогының иегері атанып, 11 рет Испания суперкубогын еншілеген.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанға ғуманитарлық көмек тасыған ұшқыш пневмониядан көз жұмды

Ал халықаралық аренада команда екі рет УЕФА кубогын, сондай-ақ төрт реттен УЕФА суперкубогын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан футбол құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның мансабын қай клубта жалғастыруы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңа рекорд: Мадридтік "Реал" Испания чемпионы атанды