RU

Қазақстанда 42 500 теңгеге өтініштерді қабылдау басталды

Бүгін, 17 шілдеде 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініштер қабылдау басталады. Осы айда енгізілген карантинге байланысты жұмыс істеген, бірақ табысынынан айырылған азаматтар бұл сомаға өтініш білдіре алады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 42 500 теңгеге өтініш қабылдау басталды
Фото: NUR.KZ: UGC

Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өтініштерді қабылдау басталатынын хабарлады.

Оның айтуынша, өтінішті 2020 жылдың 17 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында беруге болады.

Ведомствоның ресми сайтында өтініш бере алатын азаматтардың 5 санаты көрсетілген.

Азаматтар келесі ресурстар арқылы өтініш бере алады:

  • "Электрондық үкімет" веб-порталы – egov.kz;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • "Электрондық үкіметтің" Telegram-боты;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • мобильді қосымшалар мен екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары.

Айта кету керек, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемақы алуға құқығы бар қызметкерлер өтінішті өз бетінше ұсына алмайды. Олар үшін өзге ережелер қарастырылған.

Еске сала кетсек, Біржан Нұрымбетов табысынан уақытша айырылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге жәрдемақы кей тұрғындарға проактивті түрде тағайындалатынын мәлім еткен еді.

VK77865

VK64545

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865339-kazakstanda-42-500-tegege-tinisterdi-kabyldau-bastaldy.html