RU

"Ерке Есмахан емеспін": Ресейлік танымал әзілкеш қазақ тілінде ән шығарды

Ресейлік белгілі тележүргізуші, әзіл саласының майталманы және шоумен Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде ән шығарды. Оның су жаңа туындысы оқырмандарының жоғары бағасына ие болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: instagram.com/azabraza1984
Фото: instagram.com/azabraza1984: UGC

Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде шырқаған әнін Instagram әлеуметтік желісінде жариялап, "Бұл, әрине, "Дос-Мұқасан" емес, әрине, Ерке Есмахан да емес. Бұл - мен, Азамат", - деген жазба қалдырған.

Тележүргізушінің бұл туындысын оқырмандар жоғары бағалады.

Олар "Керемет", "Жарайсың", "Жақсы орындау", "Сегіз қырлы, бір сырлы азаматсың", "Өте әдемі ән", "Сен үшін қуаныштымын", "Шығармашылығыңа тек табыс тілеймін, Азамат. Өнеріңмен тыңдармандарыңды қуантып жүре бер", "Сен жан-жақты талантсың. Біз сені жақсы көреміз. Қазақша көбірек ән айт", "Мен өз тіліне және тарихи Отанына деген махаббатын сезіндім. Бұл - өте әдемі. Адам өз орнын біліп, өзін бағаласа, демек ол жай адам емес, - деді пікір білдірушілер.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейде туып-өскен қазақ баласы Азамат Мұсағалиев өз ана тіліндегі өлеңді акцентсіз орындап, жұртты таңғалдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865360-erke-esmahan-emespin-resejlik-tanymal-zilkes-kazak-tilinde-n-sygardy.html