RU

Армения елшісі: Әзірбайжан соғысқа дайындалып жатыр

Арменияның Мәскеудегі елшісі Вардан Тоганян Әзірбайжанның соғысқа дайындықты бастап кеткенін айтты. Айтуынша, Бакуде қоғамдық пікірді дайындап қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Армения елшісі: Әзірбайжан соғысқа дайындалып жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

РБК хабарлағандай, Арменияның Мәскеудегі елшісі Вардан Тоганян Әзірбайжан соғысқа ұзақ уақыт дайындалғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы медиа-порталға берген сұхбатында айтты.

Елдер шекарасындағы қақтығыс 12-сінен 13 шілдеге қараған түні атыс басталғаннан бері бірнеше күн бойы жалғасып келе жатыр. Тараптар бір-бірін оқ жаудырды деп айыптайды. Содан бері әскерилер арасында ажал құшқандар бар. Атысу кезінде екі жақтан да бірнеше елді мекен қираған, бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Жақында Әзірбайжан президенті Ильям Әлиев Таулы Қарабақ қақтығысын бейбіт жолмен реттеу туралы келіссөздер бұрыннан бері тиісті деңгейде атқарылмай келеді деп мәлімдеді. Ол сыртқы істер министрлерінің жақында өткен барлық бейнеконференциялары есеп беру үшін жасалынғанын және ешқандай мағынасы жоқ екенін атап өтті. Мұның бәрі ЕҚЫҰ-ның Минск тобының қызметіне еліктеу деп аталды.

БҰҰ Бас хатшысы қақтығысушы тараптарды тезірек атысты тоқтатуға шақырды. Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемдегі коронавирус пандемиясы кезінде атысты тоқтату туралы қарарды бірауыздан қабылдаған болатын.

Еске салсақ, 31 мамыр Қырғызстанның Баткен облысындағы Өзбекстанмен шекаралас аймақта ондаған адамның қатысуымен қақтығыс болып, қырғыздардың Чечме және Өзбек Сох анклавының Чашма ауылдарының тұрғындары бір-біріне тас лақтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865364-armenia-elsisi-zirbajzan-sogyska-dajyndalyp-zatyr.html