RU

42500 теңгеге өтініш қабылдайтын сайт ашылған күні-ақ істен шықты

42500 теңгеге өтініш қабылдайтын ресми сайтта артық салмақ салдарынан техникалық ақау пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42500 теңгеге өтініш қабылдайтын сайтта ақау пайда болды
Көрнекі фото: Anastasiia Yanishevska / Getty Images: Getty Images

Карантин уақытында әлеуметтік көмек алу үшін өтініш қабылдайтын 42500.enbek.kz сайты 17 шілде күні жұмыс істей бастады. Алайда, қазақстандықтар жаппай өтініш бере бастаған соң сайтта ақаулар пайда болды.

Нұр-Сұлтан қаласы сағат 10:40- тағы жағдай бойынша, сайтта өтініш беруге мүмкіндік бар, бірақ бірінші реттен емес.

Айта кетейік, күні кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 17 шілдеден бастап өтініштерді қабылдау басталатынын хабарлады.

Ведомствоның ресми сайтында өтініш бере алатын азаматтардың 5 санаты көрсетілген.

Азаматтар келесі ресурстар арқылы өтініш бере алады:

"Электрондық үкімет" веб-порталы – egov.kz;

42500.enbek.kz порталы;

"Электрондық үкіметтің" Telegram-боты;

Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

мобильді қосымшалар мен екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары.

Естеріңізге сала кету керек, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемақы алуға құқығы бар қызметкерлер өтінішті өз бетінше ұсына алмайды. Олар үшін өзге ережелер қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865366-42500-tegege-tinis-kabyldajtyn-sajt-asylgan-kni-ak-isten-sykty.html