Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда дәрі-дәрмекті ұшақпен жеткізуге бола ма: Әуекомпаниялар жауап берді

Опубликовано:

таблетки в облатках
Фото: Facebook

Қазақстандық әуекомпаниялар дәрі-дәрмектер мен түрлі медициналық тауарларды жеткізу мүмкіндігіне қатысты мәселені түсіндіріп өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Air Astana әуекомпаниясының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап пошта тасымалының тізімі кеңейтіліп, онда дәрі-дәрмек пен медицинаға арналған тауарларды жеткізу мүмкіндігі қосылған.

Әуе қатыснасы арқылы жіберілетін медициналық заттарды еліміздің бірқатар қалаларының әуежайларында орналасқан сату кеңселерінде қабылдай бастады. Әуекомпаниясының ресми сайтында нақты қандай тауарларды тасымалдауға болатыны жайлы жазылған.

Белгілі болғандай, компания қызметкерлері тасымалға 3 келіге дейінгі жеткізілім түрлерін қабылдайды. Оған қоса, тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық фактура-шотты көрсету керек болады.

SCAT әуекомпаниясы да өз сайтында медицина тауарларын тасымалдауға қатысты ақпаратты жариялап қойды. Хабарламада компанияның аталмыш тасымал түрін іске асыратыны жазылған. Егер жөнелтуге қажет дәрі-дәрмектердің салмағы жарты килограмнан асып кетсе, бірнеше жеткізілім жасалуы мүмкін. Олардың саны шектелмеген.

SCAT әуекомпаниясы дәрі-дәрмектердің тасымалы Қазақстан бойынша тікелей рейстермен ғана жеткізілетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта SCAT әуекомпаниясы еліміз бойынша 36 бағыттағы тікелей рейстерді іске асырады.

Сонымен қатар, компания дәрі-дәрмектерді жіберу кезінде міндетті түрде фискалдық түбіртек талап етілетінін ескертті. Оған қоса, белгіленген стандарттарға сәйкес, тасымалдауға тек орамдағы таблетка түріндегі дәрілер қабылданады.

Жөнелтуден бұрын сәлемдеме әуекомпания өкіліне міндетті түрде көрсетілуі қажет, содан кейін ғана ол мөрленіп, тасымалдауға жөнелтіледі.

Компания сайтында тасымалдауға қабылданбайтын заттардың тізімі де жарияланған.

inAlmaty басылымының хабарлауынша, SCAT өкілдері азаматтар дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып ұша алатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865380-kazakstanda-dri-drmekti-sakpen-zetkizuge-bola-ma-uekompanialar-zauap-berdi/

pixel