Выйти
RU

Ақтаудан Алматыға жеткізілген арыстан карантинге орналастырылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтаудан Алматыға жеткізілген "Симба" есімді арыстан бірден карантинге орналастырылды. Бұл туралы бұрын хайуанаттар бағының директоры болып жұмыс істеген "Kazakh Tourism" ҰК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Еркінбаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыға келген арыстан карантинге орналастырылды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Симба Алматыға аман-есен жеткізілді! Ол карантиндік шаралар қабылдап жатқан кезде, біз оны орналастыратын орынды қарастырып жатырмыз! @snowleopard_kz тез және ең ыңғайлы шешімді таңдауда. Экспозициялық әйнекті қолданған дұрыс па әлде әдемі заманауи торды қолданған дұрыс па" , - деп Ерлан Еркінбаев өзінің instagram парақшасында оқырмандарына сауал тастады.

Желідегілер белсенді түрде "Симбаның" орнын талқылауға кірісті. Оқырмандар пікірі екіге бөлінді. Олардың басым бөлігі торды қолдайтынын айтса, бірі әйнектің дұрыс екенін жазған.

Тағы да оқыңыздар

Кімдер өтініш жібермей-ақ 42500 алады: Министр мәлімдеме жасады

" Әйнек болған жақсы себебі біздің қоғамда жануарларды тамақтандыруға болмайды дегенді түсінбейтін адамдар өте көп. Иә, шыны болғаны дұрыс ", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласына жақын жердегі Ақшұқыр ауылында тұрғындар еркін жүрген арыстанды видеоға түсіріп алған болатын. Кейін өңірлік полиция жырқыштың елді мекенде қайдан пайда болғанын анықтауға кіріскен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтаудан Алматыға жеткізілген арыстан карантинге орналастырылды