RU

ҰҚК Қордай ауданында есірткі тасығандар ұсталғанын хабарлады (фото)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аймақтық бөлімінің қызметкерлері мен Қордай аудандық полиция бөлімінің есірткімен күресушілері Audi-100 көлігін ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҰҚК Facebook-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

оооооооооо
Фото: facebook.com/knbgovkz: UGC

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысында көлік тоқтатылып, тексерістен өткен. Процедураға қызметтік ит тартылды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары көліктің багажынан скотчпен оралған өсімдік заттары бар 2 үлкен бума тауып, тәркілеген.

Сараптамадан кейін оның кептірілген марихуана екені белгілі болды. Оның жалпы салмағы 20,5 кг-нан асады. Күдікті қамауға алынды. Қазір ол қамауда.

Еске салсақ, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімов шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға тыңшылық жасап, елдегі саяси жағдайды бұзуға тырысқанын айтқан болатын.

Сонымен қатар, шетелдік барлау қызметтері маңызды саяси шешімдерге өз мемлекеттерінің пайдасына ықпал ете алатын агенттер платформасын жасақтайды.

Мәсімовтың айтуынша, ҰҚК қызметкерлерінің кәсібилігі, қазақстандықтардың патриотизмі, сонымен бірге белгілі құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын қалыптастыру маңызды рөл атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865385-kk-kordaj-audanynda-esirtki-tasygandar-stalganyn-habarlady-foto.html