Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда дәрі-дәрмектерге жаңа баға белгіленді

Опубликовано:

Қазақстан Республикасында дәрі-дәрмектердің жаңа шекті бағасы бекітілді. Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығы жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы құжат мәтініне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын бекітетін Денсаулық сақтау министрінің бұған дейінгі бұйрығына (2019 жылғы 15 шілде) жаңа құжат бірқатар өзгерістер енгізді.

Оған сәйкес, тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетіне қажетті нұсқаулар берілген.

Сонымен қатар, осы бұйрыққа қосымша жарияланды, онда дәрі-дәрмектердің жаңа шекті бағалары көрсетілген.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Дәрілік заттардың тізімінде 6,5 мыңға жуық атау бар.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстандық әуекомпаниялар дәрі-дәрмектер мен түрлі медициналық тауарларды жеткізу мүмкіндігіне қатысты мәселені түсіндіріп өткен болатын.

Air Astana әуекомпаниясының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап пошта тасымалының тізімі кеңейтіліп, онда дәрі-дәрмек пен медицинаға арналған тауарларды жеткізу мүмкіндігі қосылған.

Әуе қатыснасы арқылы жіберілетін медициналық заттарды еліміздің бірқатар қалаларының әуежайларында орналасқан сату кеңселерінде қабылдай бастады. Әуекомпаниясының ресми сайтында нақты қандай тауарларды тасымалдауға болатыны жайлы жазылған.

Белгілі болғандай, компания қызметкерлері тасымалға 3 келіге дейінгі жеткізілім түрлерін қабылдайды. Оған қоса, тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық фактура-шотты көрсету керек болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865393-kazakstanda-dri-drmekterge-zaa-baga-belgilendi/

pixel