RU

Үкімет басшысы Асқар Маминді Минскіде қалай күтіп алды (видео)

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Беларусь еліне барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Белта" басылымына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/belta.by
Фото: видеодан кадр/belta.by: UGC

Асқар Мамин Минскіде Евразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Оның барысында ЕАЭО мемлекеттерінің премьер-министрлері коронавируспен күрес бойынша жоспар мен бірқатар маңызды мәселені талқылайды.

ЕАЭО үкімет басшыларының кездесуі бүгін, 17 шілде күні өтеді. Бұл коронавирус пандемия басталған уақыттан бері көзбе-көз форматта өтетін алғашқы отырыс болмақ.

Коронавирус жағдайынан бөлек, премьер-министрлер сауда-саттық пен өндіріске қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтеретін болады.

Оған қоса, әр ел өкілдері тауарларды таңбалау келісімін іске асыру тақырыбына тоқталып, Жер шарын қашықтықтан зондтауға негізделген ғарыштық және геоақпараттық қызметтер саласындағы серіктестік туралы мемлекетаралық бағдарламаны талқылайды.

Айта кетейік, Минскіге Асқар Маминмен бірге вице-премьер Әлихан Смаилов та барған

Қазақстандық шенеуніктерге дейін бұл жерде Арменияның премьер-министрі Никола Пашинян мен молдавалық үкіметтің басшысы Ион Кикуді қарсы алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін үкімет басшысы екі апта бойы оқшаулануға мәжбүр болған. Ол коронавирус жұқтырып алған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге жұмыс сапарында бірге жүрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865394-askar-mamindi-minskide-kalaj-ktip-aldy-video.html