RU

Алматы мәйітханасы алдындағы кезек: Белсенділер мән-жайды анықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қоғам белсенділері Алматыдағы мәйітхана жанындағы ұзын-сонар кезектердің себебін анықтады. Бұл туралы қоғам қайраткері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы бақылау тобының мүшесі Рафаэль Гасанов өз парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық белсенділер Алматыдағы мәйітхана алдында кезектің себебін анықтады

Фото: Facebook / Рафаэль Гасанов: Twitter

Гасановтың сөзіне қарағанда, кезектер туралы ақпарат әрдайым әділ бола бермеген, дегенмен дүрбелең болыпты.

Сонымен, мониторинг тобы 1-7 шілде аралығында Алматы қаласының патоанатомиялық бюросында өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда денелер санының өскенін анықтады.

Сонымен қатар, марқұмдардың денелері санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес дезинфекция үшін арнайы өңдеуден өтеді. Бұл айтарлықтай көп уақытты қажет етеді.

Рафаэль Гасановтың айтуынша, мәйітхана жанында да процедураларды тездетуді ұсынған көмекшілер пайда болып, бірақ олардың әрекеттерін енді құқық қорғау органдары бағалайтын болады.

Тағы да оқыңыздар

"Дайын емхананы жабық ұстау – қылмыс": Депутат ӘМСҚ жұмысына нарзылық білдірді

Қазір паталоанатомиялық бюро денелерді өңдеу және жеткізуді тездету үшін қосымша қызметкерлермен толықтырылды. Сондай-ақ, Гасановтың айтуынша, қазір денелерді жеткізу тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, адамдардың топтасып жатқан жоқ.

Еске сала кетсек, 8 шілде күні алматылықтар мәйіттерді алу үшін бірнеше сағат күтуге мәжбүр болған, қалалық денсаулық сақтау басқармасы бюроға қабылданғаннан кейін 12 сағат ішінде мәйіт туыстарына тапсырылғанын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы мәйітханасы алдындағы кезек: Белсенділер мән-жайды анықтады