Выйти
RU

Еліміздің тағы бір қаласында демалыс күндері карантин күшейтіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавлда алғашқы үш аптада демалыс күндеріне шектеулер енгізілуде. Тиісті қаулыға қаланың бас санитарлық дәрігері қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Петропавлда демалыс күндері карантин режимі күшейтіледі

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Құжат алдағы демалыс күндері үш апта бойы: 18-19 шілде, 25-26 шілде және 1-2 тамыз аралығында облыс орталығында карантиндік шараларды күшейтуді қарастырады.

Алдағы сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Тек саяжай учаскесіне баратын маршруттар есепке алынбайды.

  • Олар белгілі бір кесте бойынша: таңертең 6.30-дан 10.00-ге дейін, кешке 18.00-ден 21.30-ға дейін жұмыс істейді.
Айта кету керек, үйдегі отбасылық мерекелік шараларға әдеттегідей тыйым салынады. Туыстармен, таныстармен байланыстарды шектеу ұсынылады.

Сондай-ақ, демалыс күндері қала бойынша жаяу және жеке көліктермен қозғалыс шектеледі.

Тұрғындарға тек жұмысқа, жақын маңдағы дәріханалар мен дүкендерге бару үшін және үй жануарларымен серуендеуге болады.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентте науқастар саны азайған: Қаладағы күндізгі стационар жабылды

Соңғы мәліметтер бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 2005 дерегі тіркелді. Бұл елдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1707 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 66 895-ке жетіп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің тағы бір қаласында демалыс күндері карантин күшейтіледі