RU

"СҚ-Фармация" тегін дәрі-дәрмек cұрағымен қайда жүгінсе болатынын хабарлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"СҚ-Фармация" тегін дәрі-дәрмек алу сұрағымен қайда жүгінуге болатынын хабарлады. Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, 17 шілдеден бастап қайтадан шұғыл байланыс жұмыс істемек. Ел тұрғындары онда хабарласу арқылы дәріге қатысты қажетті ақпаратты алатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"2020 жылдың 17 шілдесінен бастап 1439 қысқа нөмірі дәрі-дәрмектерді ақысыз қамтамассыз ету бойынша өз жұмысын қайта бастайды", - делінген "СҚ-Фармация" хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстандық әуе компаниялар дәрі-дәрмектер мен түрлі медициналық тауарларды жеткізу мүмкіндігіне қатысты мәселені түсіндіріп өткен болатын.

Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап пошта тасымалының тізімі кеңейтіліп, онда дәрі-дәрмек пен медицинаға арналған тауарларды жеткізу мүмкіндігі қосылған.

Әуе қатынасы арқылы жіберілетін медициналық заттарды еліміздің бірқатар қалаларының әуежайларында орналасқан сату кеңселерінде қабылдай бастады. Әуе компаниясының ресми сайтында нақты қандай тауарларды тасымалдауға болатыны жайлы жазылған.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда дәрі-дәрмектерге жаңа баға белгіленді

Белгілі болғандай, компания қызметкерлері тасымалға 3 келіге дейінгі жеткізілім түрлерін қабылдайды. Оған қоса, тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық фактура-шотты көрсету керек болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"СҚ-Фармация" тегін дәрі-дәрмек cұрағымен қайда жүгінсе болатынын хабарлады