Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"42 500 алуға дайынсыз ба?": Қазақстандықтарға түсініксіз смс хабарламалар келуде

Опубликовано:

Қазақстандықтар елде енгізілген карантин режиміне байланысты берілетін 42500 теңгеге қатысты телефондарына келе бастаған хабарламалар туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"42 500 алуға дайынсыз ба?": Қазақстандықтарға күмәнді смс хабарлар келуде
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Cмс хабарламалардың скриншоты Instagram-дағы krispi.almaty парақшасында пайда болды. Хабарламада смсті алушының 42 500 теңгені проактивті форматта алуға келісетіні не келіспейтіні нақтыланады.

"42 500 алуға дайынсыз ба?": Қазақстандықтарға смс хабарлар келуде
Фото: instagram.com/krispi.almaty: UGC

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мұндай хабарламалардың 700 мың қазақстандыққа жіберілгенін, олардың мәліметтері төтенше жағдай кезінде төлем алушылардың деректер базасында тіркелгенін түсіндірді.

Аталған 700 мың адамның шілде айындағы жәрдемақыны алуға өтініш берушілер екендігі атап өтілді. Өйткені, талдауларға сәйкес, олардың қызметі елдегі қатаң карантиндік шектеулердің салдарынан тоқтап қалған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі смс-хабарлама алған қазақстандықтар республикадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кірісінен айырылғанын растап, хабарламаға жауап беруі керек екенін мәлім етті.

Осыдан кейін оларға ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындалады.

Мұндай хабарлама алмаған адамдар "Электрондық үкімет" веб-сайты, 42500.enbek.kz порталы, Aitu мессенджері және басқа да тәсілдер арқылы өздері өтінім тастай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 42500 теңгеге өтінім беру бүгін басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865418-42-500-aluga-dajynsyz-ba-kazakstandyktarga-tsiniksiz-sms-habarlar-kelude/

pixel