RU

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған елес үй иесінің зәресін ұшырды

Америкалық азамат пәтерін тонаушылардан аман алып қалу мақсатында үйіне бейнебақылау камераларын қойған. Алайда оған түсіп қалған кадрлар ер адамның үрейін ұшырған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасынан тылсым көлеңкені көрген ер адам жаға ұстады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жақында YouTube желісінің Jonesy Jones атты қолданушысы өзінің арнасында тылсым дүниеге толы видео жариялаған. Кадрда бөлменің ішінде көзге көрінер-көрінбес елеске ұқсас көлеңкені көруге болады.

"Ұялы телефоныма қауіпсіздік камераларынан қонақ бөлмесінде әлдененің қозғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Мен оны оқып, видеоны көру батырмасын бастым", - дейді ол.

Видеоны көрген желі қолданушалырының пікірі екігі бөлінді. Бірі оның елес болғанын айтса, енді бірі өрмекшінің торы дегенді алға тартты.

"Жоқ, бұл өрмекшінің торы болуы мүмкін емес. Ол ауада ғайып болып кете алмайды. Енді мұның шын мәнінде не екенін анықтау керек", - деп жазды олар.

Ал кейбір желі қолданушылары бөлменің тазалығына назар аударғандар. Олардың ойынша, мұндай лас жерде елестің пайда болмауы мүмкін емес.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көкте қалықтаған елес көпшіліктің зәресін ұшырғаны туралы жазған едік.

Бұл тылсым жағдай Мексиканың Истапалуке муниципалитетінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865435-bejnebakylau-kamerasyna-tsip-kalgan-eles-j-iesini-zresin-syrdy.html