RU

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда COVID-19 бен пневмония статистикасы біріктіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Министрдің айтуынша, статистика 1 тамыздан бастап бірге саналады.

"Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы бойынша статистиканы нақтылау туралы тапсырма берді. Жалпы алғандғы коронавирус жағдайларын есептемегенде, пневмонияға назар аудару қажет. Осыған байланысты, COVID-19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастыруда жаңа тәсілдерді анықтады.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросымен өткізілген техникалық кеңестерді ескере отырып, біз COVID-19 жағдайларын халықаралық аурулар жіктемесінің жаңа кодтары бойынша кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылдадық.

Тағы да оқыңыздар

Қырғызстан ауруханадан тыс пневмонияны коронавирус деп санауға көшті

Осылайша, COVID-19-дың зертханалық расталған жағдайлары, ПТР тестінің теріс нәтижесі бар, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктіріледі.

Жинақталған клиникалық тәжірибелерден біз осы аурулар ағымының ұқсастығын және оларды емдеу тактикасына бірыңғай тәсілдерді қолдану қажеттігін атап өтуіміз қажет.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жағдайларын жаңа форматта жіктеу және есепке алу жөніндегі ресми хабарламасын алғанын хабарлаймын.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда көптеген елдер сияқты COVID-19-дың зертханалық расталған жағдайларын ғана есепке алу жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, маусым айының үшінші онкүндігінде қоздырғышты нақтыланбаған, яғни зертханалық расталмаған вирустық пневмонияның өсуі байқалды.

COVID-19 жұқтыру және өлім-жітім статистикасы екі дерек көзінен құралатын болады: Олар: COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары және анықталмаған вирустық пневмониялар" ,- деді Цой.

Тағы да оқыңыздар

КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді

Айта кетейік, елде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1707 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 66 895-ке жетіп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды