RU

Алматы тұрғыны "С дәруменінің" бір қаптамасын 800 теңгеден сатып келген

17 шілдеде С дәруменін (аскорбин қышқылы) 800 теңгеден сатып келген оңтүстік астана тұрғыны ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: otravlen.ru
Фото: otravlen.ru: Facebook

Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі атап өткендей, денсаулық сақтау министрлігінің 15.07.2019 жылғы бұйрығына сәйкес, С дәруменінің шекті көтерме бағасы қаптамасына 247 теңгені құрайды.

Іс-шара барысында ұсталған азаматтың жалпы сомасы 80 000 теңгеге аскорбин қышқылының 95 қаптамасын заңсыз сатуды жоспарлағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігімен (заңсыз кәсіпкерлік) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы аудандарының біріндегі аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі халыққа тапшы дәріні сатқаны үшін ұсталған болатын.

Күдікті Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында севофлуран, цефтриаксон, меобактрин, альбунорм, неоцитотект, октагам, архимакс, меропенем, годовист және пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынған.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дәрі-дәрмектердің жаңа шекті бағасы бекітілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865439-almaty-trgyny-s-drumenini-bir-kaptamasyn-800-tegeden-satyp-kelgen.html