RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар 464-ке жетті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметі өтен брифингте еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты өзекті статистиканы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырған 66,8 мың адам тіркелген. Олардың көбісі індеттен жазылып, үйлеріне қайтарылған. 26,1 мың пациент әлі де ем алуда.

Сонымен қатар Алексей Цой коронавирустан 464 адамның көз жұмғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтағазиев Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 51 медицина қызметкерінің қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Комитет басшысы деректер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған соң қайтыс болған ақ халаттылардың жанұяларына төлемақы берілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ бүгін Алматы қалалық сотының 36 судьясы мен 33 қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты жұмысшылар 2 тамызға дейін қашықтан жұмыс істейді.

Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сот отырыстары қазір қашықтан ұйымдастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865441-kazakstanda-koronavirustan-kz-zmgandar-464-ke-zetti.html