Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төреғалимен танысқысы келді": Сиви Махмуди Жанар Хамитова туралы естелігімен бөлісті

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди марқұм Жанар Хамитованы есіне алды. Бүгінде "Арнау" экс-мүшесінің өмірден өткеніне он ай болған. Хамитованың қазасын әлі қабылдай алмай жүрген құрбысы екеуінің басынан өткен қызықты жағдаймен бөлісті. Оның айтуынша, марқұм орындаушы кезінде Төреғали Тқреәлімен қатты танысқысы келген болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhanar_official_fan.
Фото: Instagram/zhanar_official_fan.: Twitter

Белгілі болғандай, Жанар Хамитоваға шоу-бизнес серісінің бір әні қатты ұнап қалған. Содан кейін ол Сиви Махмудиден оны Төреғалимен таныстыруын сұрапты. Марқұм әнші болашақта тіпті хитменмен бірге дуэт орындағысы келген.

"Бәр күні біз Жанар екеуміз студиядан үйге қайтып бара жатқанда, радиодан Төреғалидің әнін естіп қалдық. Тып-тыныш келе жатқан Жанарға өлең қатты ұнап қалды. Ол отырып алып, "Тоқ та болдым, аш та болдым. Мен ол кезде 25 жаста болдым" деп әндетіп отырды. Сол әннің сөздері құдды оған қатысы болғандай көрінді.

Өлең біте салысымен ол маған "Төреғалимен таныстыршы" деді. Мен Жанарды Төреғалимен таныстырамын деп шештім. Егер Төреғали қарсы болмаса, онымен дуэт жазу жоспарда болған. Алайда, Жанардың арманы орындалмай қалды. Өмір деген тым қысқа екен ғой. Өзіңсіз он ай. Сағындық" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865449-tregalimen-tanyskysy-keldi-sivi-mahmudi-zanar-hamitova-turaly-esteligimen-blisti/

pixel