RU

ДДСҰ қазақстандықтарға үндеу жасады: Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуі мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бюросының өкілі және денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте қазақстандықтарға үндеу жолдады. Дорит Нитцанның айтуынша, елімізде коронавирус туралы статистиканың өзгеруіне байланысты COVID-19-бен ауыратындар саны күрт өспек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДДСҰ: Коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт өсуі мүмкін
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

ДДCҰ еуропалық бюросының директоры Дорит Нитцан Қазақстанның коронавирус жайлы статистиканының жаңа әдісіне көшетінін мәлімдеді.

Ол пневмониямен ауыратын науқастар ПТР тесті теріс нәтиже көрсетсе де, COVID-19 жұқтырғандар санына қосылатынын мәлімдеді.

Осыған байланысты Дорит Нитцан қазақстандықтарға коронавирус статистикасы тамыз айынан бастап елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін көрсететінін жеткізді.

"Бұл COVID-19 жағдайының көбеюін білдірмейді. Бұл ескі дерекқордағы (пневмония - ред.) жағдайларды коронавирус болуы ықтимал жағдайлар ретінде қайта сараптау", - дейді Нитцан.

Ол мұны әрбір қазақстандық білуі маңызды екенін атап өтті. Өйткені коронавирус жұқтырғандар саны статистикада тек шартты түрде өседі.

"ДДСҰ сіздің мемлекетпен етене жұмыс істейтін болады", - дейді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865450-dds-kazakstandyktarga-ndeu-zasady-elde-koronavirus-zktyrgandar-sany-krt-sui-mmkin.html