Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында демалыс күндеріне локдаун режимі енгізілмек

Опубликовано:

Қостанай облысында алдағы үш аптаның демалыс күндеріне локдаун режимін енгізу туралы шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысында демалыс күндері локдаун режимі енгізіледі
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Сонымен, Zakon.kz-тің ақпаратынша, аймақта локдаун режимі (белгілі бір аймақта еркін қозғалуға тыйым салу) 18-19 шілде, 25-26 шілде және 3-4 тамыз аралығында күшіне енеді.

Бұл демалыс күндері көптеген нысандар жабық тұрады деген білдіреді. Тұрғындар үйден тек үш адамнан топтасып шыға алады. Онымен қоса әлеуметтік қашықтық сақталуы керек.

Сонымен қатар, барлық қоғамдық шараларға тыйым салынады. Демалыс күндері автобустар жүрмейді. Бұл ретте саяжай учаскесіне баратын маршруттар есепке алынбайды. Олар таңғы 6-дан 10-ға дейін, кешкі 17.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тек азық-түлік сатып алуға болатын сауда орындары мен дәріханалар ашық болады. Көтерме саудадан басқа барлық базарлар жабық болады. Бұл саябақтарға, алаңдарға және жағалауларға да қатысты.

Автокөлік жуу, техника жөндеу қызметтері, киім-кешек пен аяқ киімдерді жөндеу қызметтері де жұмыс істемейді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары төмен. Аймақта 1768 адам вирус жұқтырған, оның ішінде 867 адам емделіп шықса, үшеуі қайтыс болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда алдағы үш аптада демалыс күндеріне шектеулер енгізілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865458-kostanaj-oblysynda-demalys-knderine-lokdaun-rezimi-engizilmek/

pixel