Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ақ халаттылар өздеріне тиесілі үстемақыны басшылық иемденгенін айтты

Опубликовано:

Жамбыл облысы "Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты ақшалай қаражатты иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында дәрігерлер үстеме ақыларын басшылық иеленгенін айтты
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Тергеу медицина қызметкерлерінің арызы бойынша басталған.

"Тергеу COVID-19 пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін осыған дейін жалақыға қосымша ретінде аударылған үстемақыдан қаражат иемдену фактісі бойынша жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу мүдделеріне сәйкес Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда уәде етілген үстемақыны әлі күнге дейін алмаған әскери госпиталь қызметкерлерінің наразылық білдіргенін хабарлаған едік.

Қауіп өтінде жүрген госпитальдің қызметкерлерінің айтуынша, оларға 850 мың теңге төлейміз деп уәде еткен. Алайда қызметкер президент уәде еткен үстемақыны әлі қолдарына тимегенін айтады.

Басшылықтың сөзінше, үстемақы әзірге тек Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қарастырылған. Ал әскери медициналық мекеменің қызметкерлері қосымша ақы ала алмайтынын айтты.

Дегенмен Қорғаныс министрлігі қарамағындағы қызметкерлер үшін күресуге дайын екенін, тіпті Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдап, әскери госпитальдің дәрігерлеріне үстемақы беруді сұрағандарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865469-zambyl-oblysynda-ak-halattylar-zderine-blingen-stemakyny-bassylyk-iemdengenin-ajtyp-aryzdandy/

pixel