RU

Әлеуметтік медсақтандыру қорының бұрынғы басшылығына қатысты іс қозғалды

Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақша жымқыру фактісі бойынша тергеу басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қордың бұрынғы басшылығына қатысты тергеуді бастаған.

Қылмыстық іс сатып алынған қызметтердің бағасын асыра көрсету жолымен ақша жымқыру фактісі бойынша қозғалып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат берілмейтінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СҚ-Фармация" басшылары Айбатыр Жұмағұлов пен Берік Шәріптің қызметтерінен босатылғаны мәлім болды.

Кейіннен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметіне Болат Төкежанов тағайындалды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа басшыны Қор ұжымымен таныстырып, бұл тағайындаудың артында үлкен жауапкершілік тұрғанын және мемлекет басшысы қойған міндеттерді қысқа уақытта орындау қажеттігін де атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865470-medsaktandyru-koryny-bryngy-bassylygyna-katysty-is-kozgaldy.html