Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш қазақстандық боксшы жол апатынан қаза болды

Опубликовано:

Бокстан Атырау облысы құрамасының үш мүшесі жол апатынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Depositphotos

Атырау бокс федерациясы марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.

"Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Үш бірдей болашағынан үміт күттірер жас боксшыларымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды.
Атырау бокс федерациясы марқұмдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген федерация жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау-Орал тас жолында Toyota Camry маркалы жеңіл көлігі аударылып, оқиға орнында екі адамның, кейін ауруханада тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 16 шілдеде сағат 00:30 шамасында "Атырау-Орал" тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде болған.

Ақжайық басылымның хабарлауынша, 24 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1865479-s-kazakstandyk-bokssy-zol-apatynan-kaza-boldy/

pixel