Выйти
RU

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алдағы демалыс күндері еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

  • Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жел болуы мүмкін. Өңірде 35 градус ыстық күтіледі.
  • 18, 19 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.
  • Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болуы ықтимал. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
  • Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, найзағай жарқылдайды.
Ауа райын болжаушылар дауылды ескертулердің ықтималдылығы 90-95 пайыз екенін мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды