Выйти
RU

"Бірінші толқынның жалғасы": Ресейлік дәрігер Қазақстандағы жағдай туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік пульмонолог Евгений Попов Қазақстанда карантин жеңілдетілгеннен кейін ел тұрғындары қорғанудың қарапайым әдістерін елемеді деп мәлімдеді. Оның сөзінше, мекемелердің де есігі тым ерте ашылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Евгений Попов дәл осы факторлар коронавирус пен пневмонияның күтпеген жерден таралып кетуіне әкеп соқтырғанын жеткізді.

"Біздің (ред. - ресейлік дәрігерлер) сапарымызға тұспа-тұс келген індеттің шарықтау шегі елдің барлық өңірінде бір апта ішінде дамыды. Бұны ешкім күтпеген болатын. Жұрт аздап еркінсіді, карантин жеңілдегендіктен эпидемияның өзі де жеңілдейді деп күтті. Бәрі қуана бастады. Алайда карантин шаралары жеңілдегеннен кейін екі аптадан соң, өкінішке қарай, ауру қайта тарады", - деді ресейлік дәрігер.

Пульмонолог вирустың өршуіне байланысты жеке пікірін білдірді.

"Менің жеке пікірім – адамдар қорқуды қойды, қорғанудың қарапайым әдістерін елемеді. Барлық мекеменің есігін тым ерте ашты. Сол себепті менің ойымша, бұл екінші толқын емес. Бұл бірінші толқынның жалғасы", - деп толықтырды ол.

Поповтың айтуынша, Қазақстандағы жағдайды "италиялық сценарий" деп атауға болмайды.

"Италияда эпидемия басталған кезде біз ол туралы ештеңе білмедік. Ғылыми ортада, дәрігерлер мен саясаткерлер арасында ақпарат өте аз болды. Қазақстан эпидемияға дайындықпен келді. Материалдық-техникалық база жасалды. Дәрігерлер тәжірибе жинады, "италиялық сценарий" деп айтуға құқымыз жоқ", - деп түсіндірді ресейлік маман.

Ол карантин шектеулерін қайта енгізу елдегі жағдайды жақсартты деп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев коронавирус эпидемиясын қашан жеңуге болатынын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бірінші толқынның жалғасы": Ресейлік дәрігер Қазақстандағы жағдай туралы айтты