Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 18 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті (фото)

Опубликовано:

Бүгін 19:10-да елордада көпірден секіріп кеткен 18 жастағы бойжеткенді сол маңнан өтіп бара жатқан екі ер адам мен екі құтқарушы аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қалалық төтенже жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД: UGC

"Қуанышқа орай, оқиға болған орыннан алыс емес жердегі жағалауда Азат Күшербаев пен Михаил Чижик есімді демалушылар болған. Суға алдымен Азат, одан кейін Михаил секірген. Олар суда қозғалыссыз жатқан бойжеткенді құтқару әрекетін жасаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Осы уақытта "Тұлпар" көпірін күзетіп жүрген құтқарушылар судағы адамдарды көріп, оқиға орнына катермен келгені белгілі болды.

Олар куәгерлермен бірге 2002 жылғы қызды судан алып шыққан.

Ведомсво мәліметінше, құтқару бекетіне келгеннен кейін жедел жәрдем жеткенше бойжеткенге психологиялық және медициналық көмек көрсетілген.

"Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, №2 қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1865495-nr-sltanda-18-zastagy-bojzetken-kpirden-sekirip-ketti-foto/

pixel