Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажал ақыры алып тынды": Белгілі композитор әрі күйші Оразғали Сейітқазы өмірден өтті

Опубликовано:

Қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазы өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Оразғали Сейітқазы
Фото: Facebook/Оразғали Сейітқазы: Instagram

Қаралы хабарды журналист Аманғали Қалжанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Осыдан он шақты күн бұрын "Жаман аурудан тынысым тарылып, реанимацияда жатырмын" деп Фейсбукке жазған еді. Ажал ақыры алып тынған екен. Бүгін қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазының жалғанда татар дәм-тұзы таусылыпты. Марқұмның иманы саламат болсын. Алла көрмеген көшесінен жарылқасын. ", – деп жазды ол.

Өнер иесі Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияның прима-қобыз сыныбын Фатима Балғаевадан, қылқобыз сыныбын Дәулет Мықтыбаевтан бітірді. Одан бөлек, Тұрғыт Османовтан дири­жерлікті, Латиф Хамидиден музыкалық шығармаларды оркестрге түсірудің қыр-сырын үйренген.

Оразғали Сейтқазы Болат Сарыбаев құрған оркестрдің мүшесі болды. Қазақ кино өнерінің классикасына айналған "Қыз Жібек", "Құлагер" фильмдерінің музыкамен көркемделуіне атсалысты.

1974 жылдан бері Семей топырағында жемісті еңбек етті.

Осы жылдар аралығында қазақ ұлттық аспаптар оркестріне, үрмелі аспаптар оркестріне, симфониялық оркестрге, хорға, жекелеген музы­калық аспаптарға арнап талай шығарманы лайықтады. Ұстаз ретінде үш әдістемелік оқулық, оннан астам күй, отыздан астам ән жазды.

Фото: Facebook/Оразғали Сейітқазы
Фото: Facebook/Оразғали Сейітқазы: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865500-azal-akyry-alyp-tyndy-belgili-kompozitor-ri-kjsi-orazgali-sejitkazy-mirden-tti/

pixel