RU

Өзбек дәрігерлері КВИ жұқтырса шағымданбау туралы қолхат жазуға мәжбүр болған

Өзбекстандағы санитария және эпидемиология орталығынының қызметкерлеріне шілде айының басында коронавирус жұқтырған жағдайда шағымданбау туралы қолхат жаздырып алған. Алайда медициналық мекеменің басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Өзбек дәрігерлері КВИ жұқтырса шағымданбау туралы қолхат жазуға мәжбүр болған
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ташкент ауруханаларының бірінде қызмет ететін медбикеның айтуынша, мұндай қолхатты ол он күн бұрын жазып берген.

"Біз төрт айдан бері коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрміз. Екі апта үй карантинінде отырып, жұмысқа шыққан уақытта, маған осындай қолхат жаздырып алды. Он күн бұрын болған жағдай еді.
Маған не жазу керек екенін айтып тұрды, сол себепті қолхат мәтіні есімде қалмапты. Көршім басқа бір ауруханада жұмыс істейді. Ол да осындай қолхат жазған", – деqді Өзбекстан астанасындағы аурухана медбикесі.

Мұның алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау саласындағы жағдай қанағаттанарлық деңгейде емес екенін мойындаған.

15 шілдеде өткен жиналыста мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі мен Ташкент басшысына жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін сөгіс жариялап, ескерту жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865512-zbek-drigerleri-kvi-zktyrsa-sagymdanbau-turaly-kolhat-zazuga-mzbr-bolgan.html