RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 42 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2132 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 42388-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 42 мыңнан асты
Көрнекі фото: premier-ministr.kz: UGC

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 234

Алматы қаласында - 175

Шымкент қаласында - 23

Ақмола облысында - 152

Ақтөбе облысы - 18

Атырау облысы - 105

Шығыс Қазақстан облысы - 156

Жамбыл облысы - 31

Батыс Қазақстан облысы - 130

Қарағанды ​​облысы - 70

Қостанай облысы - 7

Қызылорда облысы - 15

Маңғыстау облысы - 95

Павлодар облысы - 8

Солтүстік Қазақстан облысы - 143

Түркістан облысы - 770

Қазақстан бойынша жазылып шыққандар саны - 42388.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1808 адам тіркелген болатын.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 68703-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте карантин мен қатаң шектеу шаралары 20 шілдеден бастап 3 тамызға дейін ұзартылатыны хабарланған еді.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың арнайы қаулыға қол қойып, жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865514-kazakstanda-koronavirustan-zazylgandar-sany-42-mynan-asty.html