RU

Медеу және Шымбұлақ жабық: Полиция тұрғындарға ескерту жасады

Оңтүстік астанада демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Медеу және Шымбұлақ жабық: Полиция тұрғындарға ескерту жасады
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Қалалық ПД мәлімеуінше, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің “Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы” қаулысына сәйкес, демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін:

Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуі, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда, бұғатталады.

Осыған орай, Алматы қаласының полициясы тұрғындарды бағыттарын алдын-ала түзетіп, тауға шығуды кейінге қалдырып және жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырады.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте карантин мен қатаң шектеу шаралары 20 шілдеден бастап 3 тамызға дейін ұзартылатыны хабарланған еді.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың арнайы қаулыға қол қойып, жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865517-medeu-zne-symblak-zoldary-zabyk-policia-trgyndarga-eskertu-zasady.html