Выйти
RU

Мамин: Қазақстан Ресейден КВИ вакцинасын алғашқылардың бірі болып алудан үмітті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Ресейде өнеркәсіптік өндіріс іске қосылған кезде коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы елдердің бірі болып сатып алғысы келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мамин: Қазақстан Ресейден КВИ вакцинасын алғашқылардың бірі болып алудан үмітті

Асқар Мамин. Фото: Премьер-министрдің сайты

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтқан сөзін РИА Новости жеткізді.

Мамин Ресейге COVID-19 індетімен күресуде көрсеткен көмегі үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын және дәрігерлер жібергені үшін алғыс айтты.

"Ең бастысы, біз Қазақстанның әртүрлі өңіріне барып, жұмыс істеп жатқан ресейлік дәрігерлердің көмегін алдық", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, Мамин еліміздің Ресейде әзірленген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу жұмыстарын бақылап отырғанын атап өтті.

"Осыған байланысты, Михаил Владимирович, вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі басталған кезде Қазақстан алғашқы елдердің бірі болып вакцина партиясын сатып алу мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз. Бұл біз үшін өте маңызды", - деп мәлімдеді ол.

Тағы да оқыңыздар

Үкімет басшысы Асқар Маминді Минскіде қалай күтіп алды (видео)

Айта кетерлігі, 17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мамин: Қазақстан Ресейден КВИ вакцинасын алғашқылардың бірі болып алудан үмітті