Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас қанат" байқауының бас продюсері Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

1992 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Жас қанат" байқауының бас продюсері, "Азия дауысы"-ның негізін қалаушы, тележурналист Мұрат Ерғалиев қайтыс болды. Сенат депутаты Дана Нұржігіт оның коронавирустан көз жмұғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жас қанат" байқауының бас продюсері Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды
Мұрат Ерғалиев. Фото: aiqyn.kz: Facebook

Танымал тележүргізуші өзінің телевидение саласындағы алғашқы қадамдарына куә болған продюсердің өлімі туралы қалың көпшілікке естіртті.

Оның жазуынша, Мұрат Әжімұлының қазасына жер-жаһанды жайпап келе жатқан қатерлі індет себеп болған.

"Covid-19 деген әждаһа "Азия дауысы","Жас қанат" халықаралық байқауларының негізін қалаушылырының бірі, ТВ журналистикасының МЭТРі, менің алғашқы қадамдарыма куә болып, бір көргеннен "казахская француженка" деп ат қойған Мұрат Әжімұлы Ирғалиевті жұтып тынды.

Лағнет айтам бұл нәлетке! Қандай адамдар кетіп жатыр! Көз жасымды тоқтатар емеспін...", - деп жазды Дана Нұржігіт өзінің парақшасында.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Мұрат Ерғалиевтің жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1808 адам тіркелген болатын.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 68703-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865527-zas-kanat-bajkauyny-bas-produseri-mrat-ergaliev-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel