RU

Қазақстандық белгілі жазушы Мырзагелді Кемел өмірден озды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жазушы, қоғам қайраткері, "Ақыл қалта" кітабының авторы Мырзагелді Кемел 71 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: КТК телеарнасы

Фото: КТК телеарнасы: Instagram

Мырзагелді Кемел 1949 жылы 15 қаңтарда Түркістан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. 

1971 жылы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Жамбыл университетінің құқықтану факультетінің заңгер мамандығын тамамдаған.
  • Еңбек жолын 1971 жылы Мақтарал ауданындағы "Октябрьдің 30 жылдығы" совхозында аға инженер болып бастаған.
  • 1975 - 1992 жылдары Мақтарал ауданында партия, кеңес қызметінде болды. 1992 - 1994 жылдары кеңшар директоры, 1994 - 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шетел инвестициясы жөніндегі комитетінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған.
  • 1995 - 2004 жылдары бірінші, екінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты.

Тағы да оқыңыздар

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары өмірден өтті

Руханият саласында 10 кітап шығарған, олардың ішінде өзі жазған ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектерге қоса, қытай ақылмандары Лао Цзы мен Конфуцийді, испан пәлсапашысы Бальтасар Грасиан, ежелгі үрім және грек ақылмандарының афоризмдерін, қазіргі ілімдерді насихаттаушы Луиза Хей, бүгінгі күннің ең атақты жазушыларының бірі Пауло Коэлъолардың таңдаулы еңбектерін қазақ тіліне аударған.

"Дүние" және "Экология и устойчивое развитие" журналдарын шығаруға атсалысқан. Оның "Абзалдық әліппесі", "Өзіме сабақ" сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған.
  • 2004 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.
  • Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, 14 монографияның, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Еске сала кетсек, кеше қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазы өмірден өткен болатын.

Тағы да оқыңыздар

Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы дүниеден озды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық белгілі жазушы Мырзагелді Кемел өмірден озды