RU

"Күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды": Президент әкімдерді қатаң сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты дұрыс жоспарламаудың салдары елдегі қазіргі қиындықтарға әкеп соқтырғанын мәлім етіп, әкімдерді сынның астына алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Барлық проблема жұмысты дұрыс жоспарламаудан басталатынын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев мұны кәсіби шеберліктің төмендігі деп бағалады.

Елімізде шектеу шаралары қабылданғанымен халық әлі де отбасылық мерекелер жасауды жалғастырып жатыр.

Атап айтқанда, мұндай жағдай Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында байқалады.

Президент әкімдер карантин режимін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын әлсіз жүргізгенін сынға алды.

"Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді",– деп мәлімдеді Президент.

Оның ойынша, Үкімет мүшелері де, әкімдер де «тоқмейілсудің, масайраудың қақпанына түскен».  

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865561-krdeli-zagdajda-zmys-istej-almajdy-prezident-kimderdi-kata-synga-aldy.html