RU

"Қауіпті деуге де болады": Тоқаев елдегі қазіргі ахуал қандай екенін ашып айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елдегі қазіргі ахуал қауіпті екенін ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: Instagram

"Жалпы елдегі ахуал өте күрделі. Тіпті қауіпті деуге де болады. Бұны елдегі мамандар ғана емес, шетелдік мамандар да айтып жатыр. Оның үстіне қазір біз коронавирус пен пневмония бойынша статистикаларды біріктіргелі жатырмыз. Әлбетте көрсеткіш бұдан да жаман болады", - деді президент.

Тоқаевтың сөзінше, осындай ахуал әлемдік рейтингте біршама кейінге шегеріп тастайды.

"Әлбетте бұл Қазақстанның абыройына да әсер етеді. Тіпті мәселе репутацияда да, инвестициялық тартымдылықта да, туристік тартымдылықта да емес. Бұның салдары өте қиын болады. Бұл біздің жұмысымыздың ортақ нәтижесі екенін мойындау керек", - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қауіпті деуге де болады": Тоқаев елдегі қазіргі ахуал қандай екенін ашып айтты