Выйти
RU

Тоқаев әкімдерге "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір пысықтар пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Александр Коряков/Коммерсантъ

Фото: Александр Коряков/Коммерсантъ: Instagram

Тоқаевтың сөзінше, мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер атқарылып жатыр.

"Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Бұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырамын", – деді ол.

Мемлекет басшысы сонымен қатар дертке шалдыққандар санының артуы, коронавирус рейтингіне ғана емес, Қазақстанның инвестициялық ахуалына, туристік әлеуетіне және елімізге тартылатын жаңа технологияларға да кері әсер ететінін атап өтті.

Оның пікірінше, үкімет барлық сын-қатерлерді жою үшін бұл жағдайды өзінің жұмыс жоспарында ескеруі керек.

Қазақстан Президенті пандемия кезіндегі кез келген қате шешім, бюрократиялық кедергілер, жауапкершіліктен бас тарту жүздеген адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін баса айтты.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев әкімдерге "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырды