RU

Мемлекет басшысы ауруханаларды оттегімен қамту проблемасын шешуге 5 күн уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жағдайда жатқан науқастардың көбеюуіне байланысты ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесі алға шыққанын мәлім етті. Президент Үкіметке аталған проблеманы жедел шешуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев оттегі балондарының тапшылығы күн тәртібіне шыққан негізгі проблемаға айналғанын айтып отыр.

"Мемлекеттік органдардың тарапынан үйлестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, халық бұл мәселені өз бетімен шешуге талпынуда. Бұл ешқандай қисынға сай келмейді! Азаматтар өндірістік баллондарға құйылған оттегі сатып алып жатыр. Бұл ауруханалардың тікелей міндеті. Жеке үйлер мен пәтерлерде өндірістік баллондарындағы оттегіні пайдалану деректері анықталған. Үкімет пен әкімдер бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және үй жағдайында оттегі баллондарын пайдалану проблемаларын шешуі керек", – деді президент.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865575-memleket-bassysy-auruhanalardy-ottegimen-kamtu-problemasyn-sesuge-5-kn-uakyt-berdi.html